Қазақстанда қыркүйектегі инфляция 0,4%-ды құрады

24
қыркүйектегі
Фото: alyans02.ru

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – 2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ды, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3%-ды құраған, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы  өзгерген жоқ, тағамдық емес тауарлар құны — 0,8%-ға, тұрғындар үшін ақылы қызметтер 0,4%-ға қымбаттаған.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының құны 2,3 пайыз, тағамдық емес тауарлар 4,3%, ақылы қызметтер — 3,4%-ға қымбаттады.