Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы байқалады

7-20-25
Фото: SpbHomes.ru

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz – Жылжымайтын мүлік нарығында бастапқы тұрғын үй тапшылығы байқалады, бұл «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға теріс әсер етеді. Бұл туралы Алматыда өткен өңірлік коммуникация қызметінің брифингісінде «Баспана» ипотекалық ұйымы төрағасының орынбасары Талғат Байдосов мәлімдеді.

«Біз нарықтың бастапқы тұрғын үй тапшылығын бастан кешіп жатқанын көріп отырмыз, ол өз кезегінде, әсіресе өңірлерде бағдарламаны жүзеге асыруға теріс әсер етеді», – деп атап өтті төраға.

Оның айтуынша, бастапқы тұрғын үй тапшылығының екі негізгі себебі бар. Біріншіден,  құрылыс салушылардың 90% – ы тұрғын үйді пайдалануға берілгенге дейін сатады. Екіншісі — құрылысшылардың өңірлерге кетпей, Астана мен Алматыда ғана тұрғын үй салуға деген ниеті.

Спикер «7-20-25»  бағдарламасының халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына кірмейтін жұмыс істейтін қазақстандықтарға арналғандығын хабарлады.  Бағдарламаға қатысу үшін отбасының ай сайынғы ең төменгі жиынтық табысы 120 мың теңгені құрайтынын айтты.

Сонымен қатар, Байдосов «7-20-25» бағдарламасы екі басты мәселені шешуге бағытталғанын еске салды. Бұл тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылыс саласын жандандыру. Ал екінші тұрғын үйді несиелеу үшін «Баспана Хит» бағдарламасы құрылды.

«Аталған бағдарлама бойынша бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% – ын құрайды, жылдық мөлшерлеме Ұлттық банктің базалық ставкасына тең-1,75%, яғни қазір 11%. Несие мерзімі-15 жылға дейін. Қазір банктер аталған бағдарлама бойынша 732 млн теңгеге 80 өтінім қабылдады. Оның 30-ы 257 млн теңгеге мақұлданды», — деді маман.