Қазақстанда венчурлық капиталистер қауымдастығы құрылады

41
капиталистер
Фото: startupnetwork.kz

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда алғаш рет венчурлық капиталистер қауымдастығы ашылады.

«Ағымдағы жылы шілдеде біз венчурлық қаржыландыру туралы заңды қабылдадық. Енді, тәуекелдері бар келісімшарттар заңмен реттеледі. Соның аясында барлық тараптардың құқықтары қорғалған. Алдағы уақытта Қазақстанда алғаш рет венчурлық капиталистер қауымдастығы ашылады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қарашада «Astana Hub»-тың ресми таныстырылымы өтеді», — деді Н.Мауберлинова Астанада өткен бапасөз мәслиxатында.

Осы орайда вице-министр «Astana Hub» теxнопаркінің жұмысын ерекше атап өтті.

«2018 жылы «Astana Hub» теxнопаркі өз жұмысын бастады. Ол жерде стартаптар үшін барлық жағдай жасалған», — деді Н.Мауберлинова.