Қазақстанда жарты миллионға жуық адам жұмыссыз жүр

35
жастар
Фото: wbur.org

Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың шілдесінде жұмыссыздық деңгейі маусым айындағы деңгейде қалды — 4,8%, деп Экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Статистика мәліметтеріне сәйкес, шілдеде жұмыссыздар саны 440,9 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы шілде айының соңына 172,7 мың адамды немесе жұмыс күшінен 1,9%-ды құрады.

II тоқсанда жасырын жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 0,3%-ын (30,4 мың адам) құрады.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың шілдесінде республика экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,1%-ы) жалданып жұмыс істейді.