Қазақстандағы жұмыссыздар саны 439,3 мың адамды құрады

Фото: kz.otyrar.kz

2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 439,3 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 4,9%-ын құрады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы сәуірдің соңына 74,7 мың адамдынемесе экономикалық белсенді халық санының 0,8%-ын құрады.

Сондай-ақ, 2016 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 71890 теңге болды, бұл 2015 жылғы наурызға қарағанда 16,7% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% өсті.

2016 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша — 136956 теңге.