Қазақстандағы әр бесінші автокөлік әйелдерге тиесілі

42
әр
Фото: fiesta-gold.ru

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың І тоқсанында тіркелген әр бесінші автокөлік әйел адамға тиесілі. Бұл туралы ҚАБА мәлімдеді.

Қазақстанда ең көп тіркелген көліктердің бірінші орыны Toyota (41 671 дана) брендіне тиесілі. Екінші орында 39 353 данасы тіркелген Lada (ВАЗ) тұр. Үздік үштікті 20 934 дана автокөлікпен Volkswagen қорытындылайды. ТОП-10 қатарында Mercedes-Benz, Audi, Mitsubishi, Nissan, Hyundai, ГАЗ, BMW бар.

Сондай-ақ, жаңа көлік сатып алу барысында ер адамдар мен нәзік жандылар көбіне ақ түсті (5 538 дана) таңдайды, одан кейін сұр түс пен оның түрлі реңктері (2 762 дана) және қара түс (1 795) сұранысқа ие.

ҚАБА хабарлауынша, 2019 жылдың алғашқы тоқсанында елдегі мамандандырылған ХҚКО мен ТЕБ мекемелерінде 280 мың нөмір берілген.

Айта кетейік, елдегі автопарктің ескіргені байқалады. Себебі тіркелген көлік құралдарының жартысына жуығының шыққанына 20 жылдан асып кеткен (118 594 дана). 10-нан 20 жасқа дейінгілердің саны — 71 590 дана. Темір тұлпарлардың 65 866 данасы 10 жасқа дейінгілер болса, 24 772 автокөліктің шығарылғанына үш жыл болған. 3 жасқа дейінгілердің 15 444 данасы, яғни 62 %-ы алғаш рет есепке қойылды.