Қазақстандағы автокөлік өндірісі 83,9 млрд теңгені құрады

11
Қазақстанда
Фото: hitech.vesti.ru

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісінің көлемі 2019 жылдың қаңтар–сәуіріндегі нәтижеге сәйкес үшінші жыл қатарынан өсіп келеді және ақшалай түрде 83,9 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 2018 жылдың қаңтар–сәуіріне қатысты 145,8% болды, деп хабарлады EnergyProm.

2019 жылғы сәуірде қазақстандық автозауыттарда 4,05 мың автокөлік құралы өндірілді – наурыз айына қарағанда 39,5%-ға артық және 2018 жылғы сәуірмен салыстырғанда 65,8%-ға көп.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде барлығы 12,87 мың автокөлік құралы өндірілді, жылдық өсім 39,2%-ды құрады. Оның ішінде 94%-дан астамы — жеңіл автомобильдер: 12,11 мың, 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 37,9%-ға артық.

2019 жылдың қаңтар–сәуір айларында 12 мыңнан астам жеңіл автокөлік екі автозауытында өндірілген: «АзияАвто» (6,93 мың) және «СарыарқаАвтоПром» (5,19 мың).

Қазақстанда құрастырылған LADA (1-ші орын) және Hyundai (3-ші орын) автокөліктері 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда жаңа жеңіл автокөліктерді сату бойынша ТОП–3 құрамына кіреді.