Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Алмас Мыңбаев

46
Фото: docplayer.ru

Алмас Саятұлы Мыңбаев

Активтері:

Алмас Мыңбаев — Nomadlife және Nomad Insurance сақтандыру компанияларының, «Ұлттық Лизингтік компания» АҚ-ның жалғыз иесі және «BA Pharmaceuticals Ltd» ЖШС мен «Интерфарма-К» АҚ-да үлесі бар.

Бизнесменге Британдық Виргин аралдарында тіркелген инвестициялық Sun Avenue Partners Corporation тиесілі. Компания Ақтөбе облысындағы Шилісай фосфорит кен орнын өндіретін Sunkar Resources жалғыз меншік иесі болып табылады.

Sunkar Resources арқылы бизнесмен «Темір-Сервис» ЖШС және Chilisai Chemicals иеленеді.

«Спарта Номад» КТА командасының бас демеушісі.

2018 жылы Forbes сайты құрған «Қазақстандағы ең бай бизнесмендер» рейтингінде 50 сатыға орналасты. Өткен жылы Алмас Мыңбаевтың жағдайы 80 млн долларды құраған.

Дереккөз: forbes.kz , docplayer.ru