Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Қайрат Боранбаев

703
©kapıtal.kz

Қайрат Боранбаев — қазақстандық бизнесмен, Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы.

1966 жылы 22 қыркүйекте Торғай (қазіргі Қостанай) облысы  Амангелді селосында дүниеге келген.

Білімі:

1989 жылы — Қазақ дене тәрбиесі институтын «Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000 жылы — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Педагогика ғылымдарының кандидаты. «Жас футболшыларды жылдамдыққа тәрбиелеудің педагогикалық әдістері мен құралдары» тақырыбында диссертация қорғаған.

Еңбек жолы:

1989-1991 жылдары — Торғай облыстық спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы;

1991-1993 жылдары — Алматы қаласының 21-БЖСМ жаттықтырушы-оқытушысы;

1993-1996 жылдары — «Дека» компаниясының бас директоры;

1996-1997 жылдары — «Алаш» АҚ-ның Вице-президенті;

1997-1999 жылдары — «Алтын-Алма» ЖШС Бас директоры;

1999-2000 жылдары — «Система» ЖШС Вице-президенті;

2000 жылы — «ҚазТрансГаз» АҚ атқарушы директоры;

2000-2002 жылдары — «Intergas Central Asia» АҚ коммерциялық директоры;

2002-2006 жылдары — «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының ЖЭС жөніндегі орынбасары;

2006-2014 жылдары — «ҚазРосГаз» акционерлік қоғамының бас директоры;

2015 жылдан бастап — Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті болып қызмет етеді.

Активтері:

Қайрат Боранбаев 2016 жылы McDonald’s компаниясының қазақстандық франшизасын ашқан. Сондай-ақ, осы компанияның Ресей және Белорусьтегі франшизасын сатып алатыны туралы 2018 жылдың қазан айында ақпарат жариялады. «Алекс» ЖШС (Alex Saryagash минералды суы), Phystech II АҚ (мұнай өндірісі) және «Алмалы Asset Management Company» ЖШС 33%, 50% Esentai Mall SEC және Esentai Tower бизнес-орталығының 50%, «Рахат Палас» қонақ үйінің 50%, «Қарағанды Фармацевтикалық Комплекс» ЖШС-не тиесілі «NeoTekFarm» ЖШС басқарады.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені;

«Әл-Фахр» 2-ші деңгейдегі медалімен марапатталған.

Дереккөз: kapital.kz, forbes.kz