Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Қайрат Сатыбалды

2581
Фото: © nb.kz

Қайрат Сатыбалды – 1970 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1990 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғарғы әскери училищесін тәмамдаған.

1993 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары курсын бітірген.

1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2002 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін бітірген.

2002 жылы Атырау мұнай және газ институтын аяқтаған.

Еңбек жолы:

1998-2000 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2000-2003 жылдары — «Kazakh Oil» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Вице-президенті болып қызмет атқарды.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» президенті АҚ бірінші вице-президенті болды.

2006-2010 жылдары — «Дүние» Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2010-2015 жылдары — «Нұр Отан» партиясының хатшысы (05.2010-12.2015) қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап — Alatau Capital Invest басқарушы серіктесі болды.

Басқа да қызметтері:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының» ЗТБ президенті болды.

«Көк Бөрі» халықаралық федерациясының президенті болып қызмет атқарды.

«Ақ орда» республикалық қозғалысы ҚБ төрағасы болып тағайындалды.

Активтері

«Alatau Capital Invest» ЖШС арқылы «Қазақтелеком» АҚ-да үлесі бар. «Амир ЛТД» ЖШС, «Корпорация Дүние» ЖШС, «Дүние-Күзет» ЖШС Қайрат Сатыбалдыға тиесілі. «Allure Group of Companies» АҚ тәуелсіз директоры, «Түркі халықтарының дәстүрлі спорты халықаралық ассоциациясы» ЗТБ президенті.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2011);

«Астана» медалі (2011);

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2011);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтары:

1990-1991 жылдары КСРО ҚК қатарында офицер шенінде қызмет атқарды.

1991-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында офицерлік шенде қызмет етті.

2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында басшылық қызметте болды.

Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz