Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Владислав Ким

53
Фото: https://online.zakon.kz

Ким Владислав Геннадьевич – 1975 жылы 26 наурыз айында Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1997 жыл — Индиана Университеті, қаржы мамандығын тәмамдаған.
1998 жыл — Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

1997-1998 жылдары – «Қазақстан Халық банкі» АҚ құрылымдық қаржыландыру басқармасының бастығы болды.
1998-2002 жылдары – «Кар-Тел» ЖШС Бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2002-2004 жылдары — «Кар-Тел» ЖШС Бас директорының Маркетинг жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істеді.
2004-2007 жылдары – «VISOR Investment Solutions» АҚ Басқарушы директоры болып сайланды.
2007-2008 жылдары – «VISOR Investment Solutions» АҚ Басқарма төрағасы ретінде қызмет етті.
2008-2012 жылдары – «Самұрық-Қазына-Инвест» ЖШС Бас директоры болды.
2012 жылы – «United Cement Group PLC» бас директоры лауазымына тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

2004-2005 жылдары – «Темірбанк» АҚ Басқарма мүшесі ретінде тіркелді.
2009 жыл — «Біріккен химиялық компания» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі болды.

Активтері:

Владислав Кимге KAZ Minirals PLC акцияларының 6,89% тиесілі. Сондай-ақ, «Лафонда Казахстан» ЖШС, «Қазмясо» ЖШС, «Энигма Инвест» ЖШС үлестеріне ие.

Lafonda Holding Pte Ltd (Сингапур) арқылы KAZ Minirals акциясының 6,5% тиесілі.

«Қазмясо» ЖШС-де 20% және «CIS Private Equity Advisers» ЖШС-да 100% үлесі бар.

Дереккөз: online.zakon.kz, forbes.kz