Қазақстандағы ең қымбат көлік анықталды

621
машина
Фото: golosarmenii.am

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жаңа автокөліктің орташа бағасы 8,5%-ға өсті. Бұл туралы Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы «ҚазАвтоПром»-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 403,2 млрд теңге сомасына 47 139 жаңа жеңіл көлік сатып алды.

Сатып алынатын жеңіл автомобильдің орташа құны 8 551,7 мың теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% — ға өсті.

Қаңтар-қазан айларында сатып алушылардың 16,2%-ы 3,5 млн теңгеге, 35,5%-ы 5 млн теңгеден артық емес қаржыға, 21,4%-ы 5 — 7 млн теңге аралығында және 15,5%-ы 7 -10 млн теңгеге көліктерді сатып алды.

                                              ТОР — 10 ең қымбат автомобильдер
                                                          2018 жылдың 10 айы

Моделі Базалық жинақтау құны, тг
1 Rolls-Royce Ghost 178 080 497
2 Porsche 911 Turbo 66 300 869
3 Porsche Panamera 51 535 889
4 Mercedes-Benz G-klass 46 878 180
5 Audi A8 46 501 471
6 Lexus LC 45 603 000
7 Lexus LS 41 046 067
8 Land Rover Range Rover 39 563 752
9 Lexus LX 38 882 150
10 Mercedes-Benz S-klass 37 129 939

 

ТОР-10 ең қолжетімді автомобильдер
2018 жылдың 10 айы

Моделі Базалық жинақтау құны, тг
1 Lada Granta  2 845 000
2 Lada Kalina  2 935 000
3 Ravon R2 2 979 000
4 Lada 4×4  3 320 000
5 Ravon R4 3 449 000
6 Lada 4×4 Pickup 3 649 000
7 Ravon Gentra 3 729 000
8 Renault Logan 3 780 000
9 Chevrolet Niva  3 999 000
10 Ravon Nexia  4 490 000