Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жаңа автокөліктің орташа бағасы 8,5%-ға өсті. Бұл туралы Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы "ҚазАвтоПром»-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 403,2 млрд теңге сомасына 47 139 жаңа жеңіл көлік сатып алды.
Сатып алынатын жеңіл автомобильдің орташа құны 8 551,7 мың теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% - ға өсті.
Қаңтар-қазан айларында сатып алушылардың 16,2%-ы 3,5 млн теңгеге, 35,5%-ы 5 млн теңгеден артық емес қаржыға, 21,4%-ы 5 - 7 млн теңге аралығында және 15,5%-ы 7 -10 млн теңгеге көліктерді сатып алды.
ТОР - 10 ең қымбат автомобильдер 2018 жылдың 10 айы№ | Моделі | Базалық жинақтау құны, тг |
1 | Rolls-Royce Ghost | 178 080 497 |
2 | Porsche 911 Turbo | 66 300 869 |
3 | Porsche Panamera | 51 535 889 |
4 | Mercedes-Benz G-klass | 46 878 180 |
5 | Audi A8 | 46 501 471 |
6 | Lexus LC | 45 603 000 |
7 | Lexus LS | 41 046 067 |
8 | Land Rover Range Rover | 39 563 752 |
9 | Lexus LX | 38 882 150 |
10 | Mercedes-Benz S-klass | 37 129 939 |
ТОР-10 ең қолжетімді автомобильдер 2018 жылдың 10 айы
№ | Моделі | Базалық жинақтау құны, тг |
1 | Lada Granta | 2 845 000 |
2 | Lada Kalina | 2 935 000 |
3 | Ravon R2 | 2 979 000 |
4 | Lada 4x4 | 3 320 000 |
5 | Ravon R4 | 3 449 000 |
6 | Lada 4x4 Pickup | 3 649 000 |
7 | Ravon Gentra | 3 729 000 |
8 | Renault Logan | 3 780 000 |
9 | Chevrolet Niva | 3 999 000 |
10 | Ravon Nexia | 4 490 000 |