Қазақстандық PR саласындағы үздіктер анықталды

140

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — Алматыда PR саласындағы үздіктерді анықтайтын VII қазақстандық «Ақ мерген» конкурсы мәреге жетіп, жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды, 7kun.kz.

Биылғы конкурс 6 аталым бойынша өтті. 

«Маркетингтік коммуникация» аталымына
Әлішер Елікбаевтың командасы WoWCamry70KZ, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы «ҚҚҚ сараптама қызметін танымал жасау» жобасын, Кселл компаниясы «Qazaq lifehack» вирустық ролигін ұсынып, Кселл жеңімпаз атанды. 

«Бизнес — коммуникация» аталымына Еуразиялық банк «Банк Астана клиенттерінің кепілді салымын Еуразиялық банк арқылы қайтару», Кселл «Бақыт қалтаңда» нативтік мюзиклі жобасын ұсынып — Еуразиялық банк үздік деп танылды. 

«Әлеуметтік коммуникация мен қайырымдылық» аталымына «Аялаған алақан» ҚҚ «Көмек қолы» жобасы, «Қазцинк» компаниясы «Ізгі жүрек», BI Group компаниясы BI Marathon, Еуразиялық топ «Мейкатон «TOM: Kazakhstan», Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Жасыл мекен» акциясы жобасымен қатысып, «Қазцинк» компаниясы жеңімпаз болды. 

«Корпоративтік коммуникация» аталымында BI Group BI Life ұялы қосымшасы жобасымен үздік шықты. Олармен қатар бұл аталымға «Еуразиялық топ» ЖШС «Қазақстан жұмысшылары», Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы «SK NEWS — корпоративтік оқиғалар орталығы», «КазТрансОйл» ішкі  ұялы қосымша жобасымен қатысқан. 

«Интернеттегі үздік жоба» аталымына «Еуразиялық топ» ЖШС корпоративтік портал, Кселл компаниясы корпоративтік ШОБ клиенттеріне арналған «Kcell4Business» YouTube-арнасы, BI Group компаниясы «Азамат+Мадина» вирустық акциясын үсынғанымен, әділқазылардың шешімі бойынша жеңімпаз белгіленген жоқ. 

«Мемлекеттік, әлеуметтік және қоғамдық бағдарламалар» аталымына «Networking Bureau Pipl» ЖШС Umay Global Summit жобасымен, UNICEF Kazakhstan балабарға қарсы зорлықты тоқтату кампаниясымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» «Қолжетімді медицина баршаға» ақпараттық кампаниясымен, «Action Media» ЖШС  Travel To Kazakhstan / «Біз қайда ұшамыз?»жобасымен қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жеңімпаз деп танылды. 

Сондай-ақ, Татьяна Бендзь «Жыл шебері», Аружан Саин «Жыл тұлғасы» болды. Әділқазылар Руслан Жемковтың PR-салаға қосқан еңбегін атап өтті. 

Сонымен қатар әділқазылар «Көмек қолы» жобасының белсенді азаматтық ұстанымын, «Азамат+Мадина» вирустық жобасын, Umay Global Summit жобасын оң бағаланды. 

Ал VII қазақстандық «Ақ мерген» жүлдесінің Гран приіне «Еуразиялық топ» ЖШС «Қазақстан жұмыскерлері» жобасы үшін ие болды. 

Конкурс жұмыстарын «Медиа-Систем груп» директорлар кеңесінің төрағасы Майра Салыкова, Р.И.М коммуникациялық агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы Игорь Писарский,  informburo.kz порталының бас редакторы Михаил Дорофеев, Promo Group Communications бас директоры Әсел Қараулова, ВТБ Қазақстан банкі жарнама және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Татьяна Шевченко, Raimbek Group компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Татьяна Бендзь, режиссер, сценарист, актер Бахыт Килибаев, Qazaq Media Group директоры Ербол Азанбек бағалады. 

Конкурсқа қоғаммен байланыс саласы бойынша жоба жасаған кез-келген қазақстандық компания немесе мамандар тобы қатыса алады. Келіп түскен өтінімдерді қазақстандық және шетелдік сарапшылар іріктегеннен кейін, әділқазылар алқасы тыңдау негізінде бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.  

Айта кетейік, «Ақ мерген» жүлдесін осымен жетінші рет Ұлттық қоғаммен байланыс қауымдастығы ұйымдастырды. Конкурсты өткізуші оператор — AGT Казахстан.