Қазақстандықтар 282 млрд теңгеге жаңа автокөлік сатып алды

19
282
Фото: aziaauto.kz

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қазақстандықтар 282,5 млрд теңгеге жаңа автокөлік сатып алды, деп хабарлайды «ҚазАвтоПром».

Одақтың ақпаратына сәйкес, қаңтар-маусым аралығында елімізде 30,8 мың машина сатылған, ол бір жыл бұрынғы нәтижесінен 18,3%-ға жоғары.

«Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алуға 282,5 млрд теңге жұмсады (744,5 млн доллар), бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 30,9%-ға артық. 2019 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша өткізу (6 мың бірлік) өткен жылғы мәннен 12,5%-ға асып түсті. Айдың қорытындысы бойынша құндық мәнде нарық көлемі 56,1 млрд теңгеге жетті (146,8 млн доллар), ол жылдық ескіру көрсеткішінен 14,3%-ға артық», — деп түсіндірді ұйымда.

Сатып алушылар арасында неғұрлым сұранысқа ие — Lada, республика аумағында 7,3 мың машина сатылды. Одан кейінгі орынға 6,6 мың бірлік көлемінде сатылған Toyota маркалы көліктер орналасты. Үшінші орынды 6 мың сатылған автокөлік көрсеткіші бар Hyundai иеленді. Көшбасшылардың бестігіне KIA (1,7 мың бірлік) және GAZ (1,1 мың бірлік) кірді.

Бұл ретте Алматы (8,2 мың бірлік), Нұр-Сұлтан (6 мың бірлік), Атырау (2 мың бірлік) тұрғындары көліктерді белсенді сатып алды.