Қазақстандықтар 7,3 млрд теңге салық төледі

36
төледі
Фото: Informburo.kz

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда 33 мыңнан астам салық төлеуші ​​7,3 миллиард теңге салық төледі, деп хабарлайды Мемлекеттік кіріс комитеті.

«Жалпы, республика бойынша 2019 жылдың 13 наурызына 33 121 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 7,3 млрд.теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген. Бұл салық төлеушілер бойынша 1,6 млрд.теңге өсімпұл және 208,0 млн.теңге айыппұл есептен шығарылатын болады» , — делінген хабарламада.

Комитеттің мәлімдеуінше, қазіргі таңда 8 283 салық төлеуші бойынша 587 млн теңге сомасында өсімпұлдар, үш салық төлеуші бойынша 219 мың теңге сомасында айыппұл есептен шығарылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасауды қарастыратын заң күшіне енгенін, ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап бересі сомасы төленген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару ережелері қолданысқа енгізілгенін еске салды.

«Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз», — деді Комитетте.