Қазақстандықтар 859,1 млрд теңгеден астам ақшаны жария еткен

486

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz — Осы жылдың 25 мамырындағы мәліметтер бойынша, қазақстандықтар ақшаны жария ету науқаны бойынша 859,1 млрд теңгеден жоғары қаражатты арнайы шотқа салған. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ақшаны жария етудің бұрын-соңды болмаған икемді талаптары мен міндетті рәсімдерді ырықтандыру азаматтарымызға соңғы 6 айда 1028 шот ашуға мүмкіндік берді, ол шоттар арқылы бүкіл ақшаның 90%-ы жария етілді», — деді О.Смоляков. Ол биылғы жылдың 25 мамырдағы жағдай бойынша ақшаны жария етуге Алматы, Астана қалалары, Атырау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары халқының белсендірек қатысып жатқанын нақтылады.

Ұлттық Банк басшысының орынбасары қазіргі кезде ақшаны екі тәсілмен жария етуге болатынын еске салды. Бірінші тәсілде, оның айтуынша, ақшаны жария ету мақсаты үшін банкте ашылған арнайы банк шотына есепке алу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына бөлек декларация табыс ету қажеттілігі көзделеді. Бұл ретте жария ету субъектісіне ақшаны шотта сақтау мерзімі және алым төлеу бойынша ешқандай талап ұсынылмайды. Ақша шотқа есепке алынғаннан және декларация табыс еілгеннен кейін жария ету субъектісі жария етілген ақшаны кәсіпкерлік қызметте пайдалануға құқылы.

«Екінші тәсіл шетел банктеріндегі ақшаны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация табыс ету арқылы жария етілетін ақша сомасының 10% мөлшерінде алдын ала алым төлеу шартымен ақшаны арнайы банк шотына есепке алмай жария етуге мүмкіндік береді», – деп нақтылады О.Смоляков.