Қазақстандықтар байланысқа 250 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады

28
теңге
Фото: bnews.kz

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде байланыс кәсіпорындары 252,2 млрд теңге табыс тапты. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 0,5%-ға артық.

Бұл ретте, жергілікті телефон байланысы қызметтері 12,4 млрд теңге (7,1%-ға кем), интернетке қолжетімділік беру – 90,6 млрд теңге (11,5%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері — 68,4 млрд теңге (8,4%-ға артық) пайда көрді.

Қызметтердің жалпы көлемінде ең көп үлес кең жолақты интернетке (35,9%) және ұтқыр байланысқа (27,2%) тиесілі. Ал өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,8%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер 4,7%-ын құрады.

Сәуір айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,3 млн-ға жуықтады. Сондай-ақ, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,4 млн-ға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 14,5 млн-ға жуық, интернетке тіркелген абоненттерінің саны 2,5 млн-нан астам бірлікке жетті.