Қазақстандықтар наурызда 14 күн демалады

166
наурыз қазақстандықтар
Фото: novoetv.kz

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандықтар 2019 жылдың наурызында жарты ай демалады. Бұл туралы Egov.kz электрондық үкіметтің веб-сайтында жазды.

Биылғы жылы ең ұзақ мерекелер наурыз айында болады. Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Себебі 23 наурыз -сенбі, демалыс күндері 25 наурызға дейін жалғасады.

Халықаралық әйелдер мерекесі жұма күні келеді және жұмыс күндерін ауыстырмайды.

Демалыс және мереке күндерін қоса есептеденде, қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады.

Ел тұрғындары 2019 жылы 119 күн демалады.