Қазақстандықтар құмар ойындардан бас тартты

құмар
Фото: dengibusiness.ru

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–наурыз айларында құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі 3,1 млрд теңгені құрады. 2018 жылы көрсетілген қызметтердің көлемі 5,4 млрд теңгеден сәл көп болды, деп хабарлады Finprom.kz.

2019 жылдың бірінші тоқсанында ҚР 17 аймағының 10-ында, 2018 жылдың бірінші тоқсанында 16 аймақтың 15-інде құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетілді.

Осы саладағы қызметтердің ең көп көлемі — Алматы облысында, бұл таңқаларлық жағдай емес: мұнда орналасқан Қапшағай су қоймасының аумағында заңды негізде казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыруға болады. Дегенмен, бұл тек 2,3 млрд теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 31,1%-ға кем.

Казино мен автоматтарды орналастыруға болатын екінші аймақ — Ақмола облысының Щучинск ауданындағы Бурабай шипажайы. Облыс қызмет көлемі бойынша екінші орында тұр: 426,7 млн теңге, жыл ішіндегі өсім — 4,8%.

Алматы қаласы үшінші орынды иеленді. Мұнда казино мен ойын автоматтары залдарына тыйым салынғанымен тотализатор кассалары бар ипподром мен көптеген букмекерлік кеңселер орналасқан: 231,2 млн теңге — 2018 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 6,5%-ға кем.

Құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілген қызметтердің барлық көлемінің 94%-ы орта және ірі кәсіпорындарға тиесілі: орташа — 1,9 млрд теңге немесе барлық көлемнің 59,4%-ы. Ірі кәсіпорындардың үлесі — 34,3% немесе 1,1 млрд теңге.