Қазақстандықтар шетелдік интернет-дүкендерде 127 млрд теңге жұмсады

теңге
Фото: hi-news.pp.ua

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – 2018 жылы бөлшек сауда көлемі 144,6 млрд теңгені құрады.

2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 35,2%-ға өсті.

Электрондық коммерцияның бөлшек саудадағы үлесі 1,4%-ды құрады.

Көтерме сауда көлемі өткен жылы 114,8 млрд теңгеге жетті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (87,2 млрд теңге) 31,6%-ға жоғары.

Бұдан басқа, 2018 жылы интернет желісі арқылы қызметтер құны 136,1 млрд теңгеге (93,5%-ға өскен) сатып алынды.

Өз кезегінде транзакциялар 10,7 млн-ды құрады (жалпы сомасы 157,3 млрд теңге). Олардың 10,3 млн транзакциясы трансшекаралық электронды коммерцияға (9,5%-ға өсу) тиесілі.

Бір жыл ішінде қазақстандықтар тауарлар мен қызметтерді шетелдік онлайн-платформалардан 126,9 млрд теңгеге (өсім 16,5%) сатып алды.