Қазақстандықтар Түркияда 3 ай визасыз жүре алады

81
виза
Фото riotour.kz

Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Түркия президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек,  қазақстандықтар ел аумағында 90 күнге дейін визасыз жүре алады , –  деп хабарлайды «24.kz». 

Жаңартылған тізімге Өзбекстан мен Тәжікстан елдері де кірді. Бұған дейін қазақстандықтар Түркияда 30 күнге дейін визасыз болу мүмкіндігіне ие болған.

Қазақстан азаматтары 29 елге визасыз кіре алады. 2018 жылдың қаңтарында белгілі болғандай,  ҚР Сыртқы істер министрлігі  Тайланд, Израиль, Макао, Фиджи сынды елдермен визасыз режим орнату жөнінде келіссөздер  жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Куба парламентінен визасыз кіруге  рұқсат беру жөніндегі шешім күтілуде.