Қазақстандықтар Түркияның Анталиясындағы сатып алынған жылжымайтын мүлік саны бойынша төртінші орында

Анталия. 27 маусым. 7kun.kz – Соңғы бес жыл ішінде шетелдіктер Түркияда 206 768 жылжымайтын мүлік сатып алды, олардың 41 мыңы Анталияда. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі хабарлады.

Анталияда сатып алынған жылжымайтын мүлік саны бойынша бірінші орында Ресей азаматтары (7978) тұр. Одан кейін ирандықтар (4396), үшінші немістер (3848). Ал төртінші орынды қазақстандықтар иеленді. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания және Дания азаматтары кіреді.

Helmann құрылыс компаниясының басқарма төрағасы Селман Озгүннің айтуынша, Анталия Түркиядағы жылжымайтын мүлікке инвестиция салуда ең таңдаулы аймағы. Бұл көрсеткіш бойынша Түркияның туристік астанасы Стамбулдан кейін екінші орында тұр. Оның айтуынша, Анталияның ерекшелігіне байланысты халықаралық инвесторлар ондағы жылжымайтын мүлікке инвестиция салғанды ​​жөн санайды.

Сондай-ақ аталған өңір шетелдік азаматтар мен компания құрылтайшыларының саны бойынша да  көш бастап тұр.