Қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады

13
Демалыс күнтізбе
Фото: Stan.kz

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz —  Желтоқсан айында бар болғаны 18 күн жұмыс күні бар. Демек, қазақстандықтар 13 күн демалады.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай биыл қазақстандықтар 3 күн демалды. 1 желтоқсан сенбіге сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылды.

Алда басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, сейсенбі, 18 желтоқсан демалыс күні болады.

2018 жылдың соңғы дүйсенбісі — 31 желтоқсан демалыс. Жалпы, 2018 жылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан болады.

Жаңа жылдық демалыс  төрт күнге созылады. Қазақстандықтар  30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін демалады.