Қазақстандықтардың 334 млрд теңгеден астам салық берешегі бар

42
салық
Фото: alytics.ru

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қазақстандықтардың салық берешегі 16,5%-ға төмендеді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Комитет деректеріне сәйкес, 1 қазандағы жағдай бойынша бюджетке 334,5 млрд теңге салықтар мен төлемдер түскен жоқ.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда салықтық қарыз сомасы (389,9 млрд теңге) 55,4 млрд теңгеге (16,5%) азайды.

2018 жылдың басында бұл көрсеткіш 283,8 млрд теңгеге, ал 2017 жылдың басында 299,3 млрд теңгеге тең болды.

Айта кетейік, соңғы бес жылдағы ең аз мән 2016 жылдың басындағы салық берешегінің сомасы болды — 152,8 млрд теңге. Ал 2015 жылдың басында бұл көрсеткіш 214,4 млрд теңгені құрады.