Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 621 млрд теңгеге жетті

179
621
Фото: dengi-kz.online

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстандықтардың банктерге несие бойынша қарызы 621 млрд теңге жетті.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарында тұтынушылық мақсаттарға 4,3 трлн теңге бөлінген. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға қарыздар 4,1 трлн теңгеден, ал жеке тұлғаларға – 6,3 трлн теңгеден асты.

Оның ішінде жеке тұлғалардың мерзімі өткен қарыздары бар кредиттер көлемі (90 күннен астам) 408,2 млрд теңгеге, заңды тұлғаларда – 212,7 млрд теңгеге жетті. Осылайша, жалпы қарыз сомасы 621 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,2%-ға немесе 30,6 млрд теңгеге өсті.

Сонымен бірге, бір күннен 90 күнге кешіктірілген жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 220 млрд теңгені, заңды тұлғаларда 214 млрд теңгені құрады.