Қазақстандықтардың көпшілігі 80 мың теңгеден артық табыс таппайды

18
Фото: caravan.kz

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанда орташа жалақы 28%-ға өсті.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 83 мың теңгені құраса, 2018 жылдың сәуірінде 106,2 мың теңгені құрады.

Халықтың көп бөлігін қамтитын модальдық жалақы 80 мың теңгені құрайтынын айта кету керек. Бұл қазақстандық статистика үшін жаңа көрсеткіш.

Сонымен қатар, қыркүйекте орташа номиналды жалақы 160,5 мың теңгеден асты.

Осылайша, орташа табыс орта арифметикалық шамадан 33%-ға аз, ал модальдық табыс — 50,2%.