Қазақстандықтардың кредит алу көлемі ұлғайған

4
Фото: businessman.ru

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып, 2022 жылғы ақпанның соңында 19 105,6 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде 31,3%-ға өсті). Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 8 073,1 млрд теңгеге дейін 4,6%-ға, жеке тұлғаларға – 11 032,5 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға ұлғайды.

«Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 076,2 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,1%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 2,3%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 2 029,4 млрд теңгеге дейін 12,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 13,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 8,5%-ға өсті. 2022 жылғы ақпанның соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 89,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды», – делінген ҰБ хабарламасында.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 15 941,7 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 3 163,9 млрд теңгеге дейін 10,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы ақпанда 3 894,3 млрд теңгеге дейін 8,7%-ға өсті (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 48,2%-ы).

2022 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2021 жылғы ақпанда –  11,5%), жеке тұлғаларға – 18,4% (18,2%) болды.