Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 9 млрд теңгеден асты

28
Фото: semeytv.kz

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 051,9 млрд теңгені, оның ішінде теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 248,7 млрд теңгені, шетел валютасында 2 803,2 млрд теңге немесе 31,0%-ды құрады.  Қазақстан Ұлттық банкі фейсбуктегі парақшасында осындай мәліметтер жариялады.

БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.

2018 жылғы қазанда теңгемен зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 42,2 млрд теңгені құрады.  Оған, «Баспана» ИҰ» АҚ-нің , Еуразиялық даму банкінің , екінші деңгейдегі банктердің  облигациялары сатып алынды.

Шетел валютасында номинирленген БЖЗҚ зейнетақы активтері БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымына және стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

2018 жылғы қазанда шетел валютасында зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 131,3 млрд теңге болды.

Жекелей атап өтсек, АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары(74,7 млрд),  АҚШ долларында Перу(12,7 млрд) мен Филиппиннің мемлекеттік бағалы қағаздары(1,5 млрд),  АҚШ долларында номинирленген Қытайдың(12,5 млрд)  және Чилидің (13,9 млрд)  квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары сатып алынды.

2018 жылғы 10 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 765,3 млрд теңгені, ал соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,9%-ды құрады.