Қазақстанның экономикасы өсімді көрсетті

экономикасы
Фото: kapital.kz

Алматы. 14 қазан. 7kun.kz — Қазақстан экономикасы құрылыста, саудада және көлікте шығарылымның ұлғаюының арқасында өсімді көрсетіп отыр, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Негізгі капиталға инвестициялар 9,7%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында (40,8%-ға), құрылыста (18,3%-ға), өнеркәсіпте (16,5%-ға) және саудада (9,0%-ға) ең көп өсім байқалады.

2019 жылдың қыркүйегінде жылдық инфляция 5,3%-ды құрады (2018 жылдың қыркүйегінде 6,1%) және жоспарланған дәлізде (4-6%).

Қаңтар-тамызда халықтың нақты табыстары 6,7%-ға ұлғайды (810,5 мың теңгеге дейін).

«Өнеркәсіптік өндіріс жыл басынан бері 3,3%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі де, тау-кен өндірісі де өсу драйвері болды. Өндеуде жеңіл өнеркәсіпте (19,0%-ға), машина жасауда (18,2%-ға), сусындар өндірісінде (15,3%-ға) және фармацевтикада (12,5%-ға) едәуір өсімге қол жеткізілді. Тау-кен өнеркәсібінде түсті металл кендерінің 18,4% өсуі есебінен металл кендерін өндіру (13,1%-ға) артты. Сонымен қатар, көмір (- 3,1%) және мұнай (-0,5%) өндірудің төмендеуі байқалады», — деді ҰЭМ басшысы.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өсім — 13,5%. 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (төмендеу — 0,2%).

Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,5%-ға артты. Бұл ретте өсімдік шаруашылығын шығару 4,0%-ға төмендеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында 0,5% төмендеу тіркелді.

Қызмет көрсету саласында өсім 4,4%-ды құрады. Сауданың көлемі көтерме сауда есебінен 7,6%-ға өсті (8,6%-ға). Көлік қызметтері жүк айналымы есебінен 5,5%-ға артты.