Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,8 триллион теңгеге жетті

23
қарызы
Фото: arnapress.kz

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанның мемлекеттік қарызы 1 жылда 21,9%-ға өсті. Енді қарыз — 14,8 триллион теңге,  деп хабарлайды Finprom.kz. 

Мемлекеттің қарызы 14,2 триллион яғни (20%-ға артқан), мемлекеттің кепілдік қарызы — 523 миллиард теңге (2,2 есеге өсті) сондай-ақ мемлекеттің ішкі қарызы 37,8 миллиард теңге.

1 жыл бұрынғы мемлекеттік қарыздың жиынтығы 12,1 триллион болған.

Зерттеушілердің айтуынша, мемлекеттік қарыздың басты факторларының бірі ҚР ішкі қарызы (39,1 пайыз). 1 жылда ол 30,6%-ға яғни 4,4-тен 5,8 триллион теңгеге өсті. Ішкі қарыз 4,7%-ға немесе 210 миллиард сомаға ұлғайған.

Орташа есеппен Қазақстанның қарызы жылдан жылға 28,8%-ға өсіп келе жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, мемлекет 2018 жылдың жарты жылдығында 248,7 миллиард теңгені мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін бағыттаған. Ал, салыстырмалы түрде алсақ алдыңғы жылдан 13,3%-ға (29,2 млрд теңгеге) өскен екен.

Мемлекеттік бюджеттің барлық бағыты бойынша жалпы шығын 9,6%-ға немесе 449,1 млрд теңгеге ұлғайған. Ал, борышқа қызмет көрсету бойынша шығыстардың үлесі 4,9% болып шықты (бір жыл бұрын 4,7%).

Екі тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы 5 жылда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету бойынша шығындар  3 есеге өсті — (162,3 млрд теңге) 86,4 млрд теңгеден 248,7 миллиардқа артқан.