Қазақстанның қай министрліктерінде жемқорлар ең көп анықталды

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Биылғы жылдың сегіз айында Қазақстан министрліктерінің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша ұсталды, деп хабарлайды Ranking.kz.

Статистикаға министрліктердің, сондай-ақ департаменттер мен ведомстволардың басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері кірді.

«Көбіне мұндай қылмыстарды Қаржы министрлігінің қызметкерлері жасады: 33 адам, бір жыл бұрын 31 адам болған. Жылдық өсім 6,5%-ды құрады», – деді сарапшылар.

Сондай-ақ антилидерлер қатарына ҚР Қорғаныс министрлігі (22 адам), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам, бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 5,3 есе көп) кірді.

Жемқорлық жасаған лауазымды тұлғалардың ішінде 102 қызметкер ауыр қылмыс, төрт адам орташа ауырлықтағы қылмыс, тағы төрт адам аса ауыр емес қылмыс, бір адам аса ауыр қылмыс жасаған.

Министрліктердің 77 қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды. Тағы 14 адам сыбайлас жемқорлыққа жол берді, жеті адам қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, алты адам пара берді, бесеуі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп немесе талан-таражға салған.

Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған министрліктер қызметкерлерінің көпшілігі Алматыда болған: 23 адам – өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп. Екінші және үшінші орында — Шымкент (12 адам, жылдық өсім-4 есе) және Алматы облысы (10 адам).

Лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының ең азы Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды: әр облыста екі адамнан. Жаңадан құрылған үш облыста, сондай-ақ Қарағанды ​​және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.