Қазатомөнеркәсіп акцияларының 25%-нан көп бөлігін сыртқа орналастырады

Фото: Zakon.kz

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Жария түрде акция орналастыру аясында Қазатомөнеркәсіп акцияларының төрттен бір бөлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Лондон қор биржасында шығарылатын болады. Бұл туралы Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.

«IPO аясында «Самұрық-Қазына» қоры «Астана» халықаралық биржасында және Лондонда Қазатомөнеркәсіптің шығарылған акцияларының жалпы санының 25%-ын құрайтын бағалы қағаздарды ұсынуға ниетті», — деді Пірматов.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, заң бойынша бағалы қағаздардың 20%-ы Қазақстанда ұсынылады.