Қазір банкке барудың қажеті жоқ – Смоляков

Смоляков
Фото: asesoriabellet.com

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қиын жағдайда қалған отбасылардың несиесін кешіру туралы мәлімдеме жасады.

«Қазір банктерге барудың қажеті жоқ, бұл мәселені шешу үшін уақыт керек. Жалпы бұл жұмыс екі айда аяқталуы мүмкін», — деді Смоляков үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қарыз алушыларға банкке жүгінудің қажеті жоқ. Себебі талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімет алғаннан кейін, Ұлттық банк мемлекеттік бюромен, банктармен қосылып 1 маусымға дейінгі мәліметтерді ала отырып, барлық цифрды салыстырады. Қарыз алушылардың ішінде әлеуметтік көмек алатындардың айыппұлдары мен өсімпұлдары қаралады. Шарт қабылданғаннан кейін Ұлттық банк ретінде біз сомалардың кешірілуін қадағалаймыз. Алдағы уақытта сұрақ туындамас үшін мұның бәрі несие құжаттамада көрсетілетін болады», — деді Смоляков.