Qazkom-ның 9 айдағы пайдасы — 64,5 млрд теңге

Фото: Деловой Казахстан

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz  – «Қазкоммерцбанк» АҚ Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты талаптарына сәйкес, 2016 жылдың 9 айындағы қаржы есебін жариялады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Салық салудан келіп түскен пайда 2016 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 2015 жылғы 9 айдағы 5,8 млрд теңге мөлшеріндегі таза залалмен салыстырғанда 64,5 млрд теңгені құрады. Банк активі 2015 жылдың соңындағы 5 094 млрд теңгемен салыстырғанда 0,9 %-ға, 5 139 млрд теңгеге өсті. Клиенттердің қаражаты 4,4%-ға немесе 3 472 млрд, теңгеге өсті.

Банк ақпаратына сәйкес, ҚРҰБ әдістемесі бойынша банктің меншікті капиталының баламалық коэффициенті 13,1%-ға өсті. АЛ жарамсыз кредиттердің үлесі 2016 жылғы 1 қазанға 7,99%-ға дейін төмендеді.

Таза пайыздық кіріс 

Провизиялар есептелгенге дейінгі 2016 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айдағы таза пайыздық кіріс 4,7%-ға өсті және 2015 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айдағы 135,1 млрд теңгемен салыстырғанда 141,4 млрд теңгені құрады.

Пайыздық емес кіріс

2016 жылғы бірінші 9 айдағы таза пайыздық емес кіріс осыдан бір жыл бұрынғы 38,3 млрд теңгемен салыстырғанда 3,9 млрд теңгені құрады, кірістің былайша төмендеуі бағамның өткен жылғы тамызда өзгеруінен 2015 жылғы 3-тоқсандағы оң бағамдық айырманың есебінен, сондай-ақ ағымдағы жылғы 3-тоқсанда үлестік бағалы қағазды қайта бағалаудан болған шығыстың танылуынан орын алды.

Таза комиссиялық кіріс 2015 жылғы осыған ұқсас кезеңде 13,4 %-ға, 22,2 млрд теңгеден 13,2 млрд теңгеге төмендеді. Банктің орташа депозит портфелінің ұлғаюына байланысты, таза комиссиялық кіріс «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ғы жарналардың комиссиялық шығысының өсуі салдарынан төмендеді.

Бизнес сегменттері бойынша нәтижелер

Корпоративтік секторға берілген нетто-несиелердің көлемі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 3 476 млрд теңгемен салыстырғанда 2,3%-ға, 3 557 млрд теңгеге өсті.
Корпоративтік клиенттердің қаражаты көлемі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1 855 млрд теңгемен салыстырғанда 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 8,2%-ға, 2 006 млрд теңгеге өсті. Клиент қаражатының жалпы көлеміндегі корпоративтік депозиттің үлесі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 55,8%-бен салыстырғанда 57,8%-ды құрады.

Бөлшек сауда секторы

Бөлшек сауда секторына берілген нетто-несиенің көлемі жыл басынан бері 13,9%-ға азайып, 304,6 млрд теңгені құрады. 2016 жылғы бірінші жарты жылғы жекелеп кредит беру еліміздегі макроэкономикалық жағдай және теңге өтімділігінің тапшылығы салдарынан баяу өсіп келеді. Қазіргі таңда, Банк жекелеп кредит беруді арттырды, салыстырмалы түрде, 2016 жылғы бірінші жарты жылда 9 млрд теңгеге, 2016 жылғы 3-тоқсанда 24 млрд теңгеге кредит берілді.

Бөлшек сауда секторындағы клиенттер қаражатының көлемі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1 470 млрд теңгемен салыстырғанда 0,3% -ға, 1 466 млрд теңгеге дейін төмендеді. Олардың клиент қаражатының жалпы көлеміндегі үлесі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 44,2%-бен салыстырғанда 42,2% құрады.

2016 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Банктің дамыған альтернативтік сатылым желісі бар. Банкомат саны 2015 жылмен салыстырғанда, 2 160 данадан, 2 430, ал POS-терминал саны 35 005 данадан 44 292 данаға өсті.