«Қазконтентке» жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

17
басқарма
Фото: informburo.kz

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы Думан Қожахметовты таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ол бұл қызметке басқарманы 2017 жылдың мамыр айынан бері басқарған Евгений Кочетовтің орнына келіп отыр.

Думан Қожахметов1984 жылы Петропавлда дүниеге келген. Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттің университетінің «БАҚ экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да, ҚР бас прокурорының аға көмекшісі лауазымында және жеке медиакомпанияларда басқарушы қызметтерді еңбек еткен. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.