Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы қамауға алынды

Астана. 23 қаңтар. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде», – делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.