Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай. 28 маусым. 7kun.kz – Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі  берілді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қаулысы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Бұған дейін әуежай қызметкерлері бастама көтерген болатын. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ағартушысы, тіл маманы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері. Торғай облысының (қазіргі Қостанай облысының аумағы) тумасы. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды.