Асқар Ұзақбайұлы Мамин — 1965 жылы 23 қазанда Астана қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығын аяқтаған.
Ғылыми атағы:
Техникалық ғылымдар кандиаты.
Еңбек жолы:
1987-1988 жылдары — Монтаждаушы «Целинтяжстрой» трестінің шебері болып қызмет етті.
1988-1991 жылдары — Целиноград облыстық атқарушы комитеті Ішкі істер басқармасында борышын өтеген .
1991-1993 жылдары — Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
1993-1996 жылдары — «Интер-Ишим» ҚК бас директоры болды.
1996-2000 жылдары — Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары ретінде жұмыс істеді.
1998-2000 жылдары — Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2000-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі лауазымын иеленді.
2000-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2002-2003 жылдары — «Инком Астана» ЖШС бас директоры болды.
2003-2004 жылдары — Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі қызметінде еңбек етті.
2005-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.
2006-2008 жылдары — Астана қаласының әкімі болып сайланды.
2008-2016 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті лауазымын иеленді.
2016 жылы — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
Марапаттары:
- 1998 жыл — «Ерен еңбегі үшін»
2006 жыл — «Құрмет» ордені.
2011 жыл — 2 дәрежелі «Барыс» ордені
2008 жыл — «Астанға 10 жыл» мерекелік медалі
201 жыл — 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский князі ордені
2013 жыл — Құрмет легионы ордені.
2013 жыл — Мойындау кресті гранд-офицері.
2014 жыл — «Азаматтық қызметі үшін» орденінің үлкен кресті.
2011 жыл — Астана қаласының Құрметті азаматы.
2012 жыл — Құрметті теміржолшы.
2013 жыл — Қазақстанның құрметті құрылысшысы.
2014 жыл — «Азаматтық еңбегі үшін» орденінің үлкен кресті.
2017 жыл — «Дустулик» ордені.
Басқа лауазымдары:
2003-2004 жылдары — «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.
2003-2004 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған.
2003-2004 жылдары — «Kazakhstan Engineering» ААҚ директорлар кеңесінің мүшелігіне кірген.
2007 жыл — Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының вице-президенті болып жұмыс істеді.
2008, 2012, 2016 жылдары — Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы президенті қызметін атқарған.
2007 жыл — Мәжіліс жанындағы «НҰР ОТАН» ХДП фракциясының мәслихаттар және азаматтық қоғам институттарымен байланыс бойынша кеңес мүшесі болды.
2008-2010 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі ретінде танылды.
2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көлік, логистика және байланыс комитетінің орынбасары ретінде қызмет етті.
2015-2016 жылдары — «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді.
2016 жыл — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
2016 жыл — Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесіндегі өкілі болды.
Партия құрамындағы қызметі:
«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі болды.
2006-200 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалды.
Отбасы:
Әйелі — Мамина Алтынай Қасымқызы.
Балалары:
Ұлы — Данияр
Қызы — Динара.
Дереккөз: sputniknews.kz, ru.wikipedia.org