Қытайлық инвесторлар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға инвестиция салады

инвестиция

Астана. 15 мамыр. 7kun.kz — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ COSCO Shipping және Ляньюньган порты корпорацияларымен бірлесіп «Қорғас-Шығыс қақпасы» азат экономикалық аймағын дамытуға арналған инвестициялық келісімге қол қойды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Келісім 15 мамырда Бейжіңде «Бір белдеу-бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында жүзеге асты.

Қытайлық инвесторлар «KTZE — Khorgos Gateway» ЖШС құрғақ портының 49 пайыздық үлесін бірлесіп сатып алатын болады. Халықаралық логистикадан стратегиялық серіктестерді тарту «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА дамуына жаңа серпін береді. Сонымен қатар, және Азия мен Еуропа арасындағы жүк ағындарын шоғырландыру және дистрибуциялау бойынша ірі өңірлік хаб құруға мүмкіндік береді.

«Қорғас-Шығыс қапасы» АЭА COSCO Shipping компаниясының қызметін пайдалана отырып, ғаламдық логистикалық қызмет көрсету деңгейіне көтеріліп, халықаралық логистикалық желіде қазақстандық транзиттік дәліздердің интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көлік-логистикалық саланын одан әрі дамытуға бағытталған. Ол қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасын үйлестіре дамытуға ықпал етеді.