Қызылордалық кәсіпкерге «Даму» қоры қолдау көрсетті

Қызылорда

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қызылордада паназиялық «Veranda-Asian House» мейрамханасы ашылды.

Бүгінде қазақстандық қоғамымызда түрлі өзгерістер орын алуда. Жаңа заманауи тамақтану мәдениеті қалыптасады. Адамдар дәмханада көп тамақтана бастады.

Қоғамдық тамақтану әр түрлі болды, түрлі ұлттық ас үйінен көп тағам пайда болды. Тамақ әлемі — бұл мәдениет, денсаулық, рахат. Кез келген бизнесте табыстың маңызды факторы ұсынылатын өнімге немесе қызметке сұраныс болып табылады. Қызылордалық кәсіпкер Мирзабеков Бейбіт гурмандар үшін корей және еуропалық тағамдар мейрамханасын ашуға шешім қабылдады.

2017 жылы кәсіпкер мейрамхана ғимаратының құрылысын өз бетінше бастады. 2018 жылы қарыз алушы «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-де бизнес-идеямен жүгінді және 2018 жылдың шілдесінде құрылысты аяқтау үшін құрылыс материалдарын сатып алуға қаржыландыру алды. Жобаны «Даму» КДҚ АҚ-ның 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен қолдады.