Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі тағайындалды

149
инвестициялар
Фото: Kapital.kz
Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz — Үкіметтің қаулысымен Роман Скляр ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бірінші вице-министр лауазымында болған Алик Айдарбаев басқа жұмысқа ауысуына орай қызметінен босатылды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін, «Экономист» мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнесі институтын және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» МЖБ-да слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және түрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

2005 – 2006 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, 2006 – 2007 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2007 – 2008 жылдары Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры лауазымын атқарған. 2008 жылдан 2011 жыл аралығында Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2011 жылғы мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі болған.

2014 – 2016 жылдар аралығында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті болған. 2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылғы мамыр – желтоқсан аралығында ҚР ұлттық экономика вице-министрі ретінде еңбек еткен.

2016 жылғы желтоқсан айынан қазіргі таңға дейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.