Ресейлік «Сбербанк» банк атауын алып тастап, Sber деп аталады

Сбербанк
Фото: riafan.ru

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz – Қаржы институты жақында жаңа сауда белгісі — Sber брендін және онымен байланысты сауда белгілерін: Sber In Move-тен Сберкотқа дейінгі өнімдерін қайта (банктің әлеуметтік желілердегі чат-боты) тіркеді, — деп хабарлайды «Ведомости».

Бұған себеп — банк қаржылық қызмет көрсететін делдалдан түпкілікті қызмет көрсетушіге айналу үшін «банк» сөзінен бас тартпақшы.

Қазір Сбербанктің құрамында «Яндекс.Маркет» сауда алаңынан бастап DocDoc дәрігерлерді іздеу қызметіне дейін 20-ға жуық компания бар.

Неліктен банк болғысы келмейді?

Сбербанктің технологиялық компанияға ауысуы — 2020 жылға дейінгі стратегиясына байланысты болып отыр. Оны банк президенті Герман Греф 2018 жылдың желтоқсанында ұсынған еді. Осыдан кейін компания sber.ru доменін сатып алды.

Сбербанк бұл арқылы банк саласынан да басқа салаларға ықпалын ұлғайтқысы келеді.

«Біз клиенттің өмірін пайдалы сервистермен толықтырған сайын, ол бізге жиі жүгінеді. Жалпы біз делдал позициясынан түпкілікті қызмет провайдері позициясына көшуді қалаймыз. Клиенттер үшін бірінші таңдаудағы экожүйе болу керек», — деді Сбербанктің экожүйесін дамыту жөніндегі дирекциясының басшысы Марк Завадский.

Сбербанктің қандай қызметтері бар?

SberCloud бұлтты сервисі, DocDoc дәрігерлерді іздеу сервисі, Яндекс.Деньги онлайн-төлемдер сервисі, «Яндекс.Маркет» онлайн сауда платформасы, «Сбермобайл» мобильді операторы, «ДомКлик» ипотекаға пәтер сатып алуға арналған сервис, «Диалоги» мессенджері.

Бизнес үшін — «Эвотор» онлайн-кассалық аппараты, Segment жарнамаық компаниясы, VisionLabs тұлғаларды тану жүйесі, Bi.Zone киберқауіпсіздік жүйесі, «Сбербанк-АСТ» бизнеске арналған сауда алаңы, интернет заттары үшін IoT Laboratory Smart Home, SberBPO бухгалтерлік және кадрлық аутсорсинг сервисі, және SberMarketing, «Деловая среда», SberLegal сияқты басқа да кәсіби қызметтер.

Жақын болашақта компания жұмысының жаңа бағыттары E-auto, логистика, жұмыс іздеу бойынша онлайн-сервис және «Умные данные» деректерді жинау технологиясы болады.

Айта кетейік, «банк» сөзінен ресейлік нарықтың тағы бір қатысушысы — Тинькофф банкі бас тартқан. Жылдың басында компания өзін «Тинькофф» ретінде белгіледі, өйткені банк жаһандық коммуникацияда доминант болуды тоқтатты және тек «Тинькофф» немесе «Тинькофф.ру» қалды.

Бұл үрдісті посткеңестік елдер арасында Қазақстанда ең ірі бөлшек қаржы институты — Kaspi Bank бастаған еді. Банк былтыр Kaspi.kz компаниясына айналып, өзінің экожүйесі шеңберінде қаржы қызметтерінен де ауқымды қызмет пен өнімдер ұсына бастады.

Ал енді Kaspi-дің жолымен Тинькофф, Сбербанк қайталап отыр.