Ресей ауыл шаруашылық бақылау Басқармасы 18,4 тонна дат ірімшігін өткізбеді
12 наурыз, 2015
Тверь облысы мен Псков облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылық бақылау Басқармасы Даниядан келген 18,4 тонна ірімшікті Ресейге кіргізуге рұқсат етпеді. Жүк Қазақстанда тіркелген компанияның мекен-жайына бағытталған болатын.
Жүкті көптарапты автомобильді бекет арқылы өткізуге тырысқан. Бұл бекет Қазақстан және өзге де елдерге тауар жөнелтуге рұқсат етілген бекеттер тізімінде жоқ. Ресей ауыл шаруашылық бақылау Басқармасы өткізуге тыйым салған.
Бурачка көптарапты автомобильді өткізу бекетінің тыйым салу себебі - жоғары дәрежелік көлік қарбаласы мен кеден бақылауы шараларының күшеюі.
Қазақстан және өзге елдерге тауар кіргізуге рұқсат етілген өткізу бекеттерінің ішінде ресей-латвиялық шекарада орналасқан, қарбалас дәрежесі азырақ Убылинка көптарапты автомобильді өткізу бекеті бар.