Ресей Қазақстан мен Беларуссияға сүт өнімдері үшін бірдей баға белгілеуді сұрады

588

Ресейлік сүт өндірушілердің ұлттық одағы Қазақстан мен Беларуссияға Кедендік одақ аясында азық-түлік өнімі үшін бірдей баға қабылдауды ұсынды деп хабарлайды  LS.

«Союзмолоко» мүшелері сүттің сатып бағасының төмендеп кетуіне және осы жазда да тағы да құлдырайды деген болжамдарға алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл сүт өндірісінің өзіндік құны 40%-ға өсуі аясында орын алып жатыр», — деп түсіндірді «Союзмолоко» басқарма басшысы Андрей Данилко.

Оның сөзінше, баға өзгерісі сүт өндірісінің күрт құлдырап, ірі қара санының азаюына әкелуі мүмкін. «Союзмолоко» Қазақстан және Беларуссия министрліктеріне Кедендік одақтағы сүт нарығындағы жағдайды тұрақтандыру қатысты шара қабылдануын сұрап, өтініш жіберді.

«Бұл үшін  сауда баланстарын шынайы құралы ретінде пайдалану арқылы одақ ішіндегі импортты бақылауға алып, КО-тың барлық мүшелері үшін индикативтік бағаны оңтайландыру қажет. Сондай-ақ сүт және сүт өнімдеріне уақытша баж салығын енгізу керек», — деп мәлімдеді одақтан.

Әлемдік нарықтағы сүт өнімдерінің биржалық құнының төмендеуі, Ресейдің негізгі импортері Беларуссия тарапынан өнімдердің индикативтік бағасының құлдырауы да жағдайды қиындата түсуде. «Союзмолоко» сүт және сүт өнімдері импортына уақытша салық енгізуді ұсынады. Олардың сөзінше, қазіргі 15% баж салығы тиімді емес.