Ресей Сбербанкінің Президенті: АХҚО — ТМД аумағындағы ең батыл жоба

120
Фото: globalsib.com

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz — АХҚО жобасының жүзеге асатындығы туралы ешбір күмәнға қарамастан, бүгінгі таңда оның барлық алғышарттары дайын. Бұл туралы Ресей Сбербанкінің Президенті және Басқарма Төрағасы Герман Греф мәлімдеді.

Оның пікірінше, АХҚО — Президент пен Үкіметтің абсолюттік қолдауына ие, сонымен қатар ТМД аумағындағы ең өршіл және батыл жоба.

«Сбербанк» басшысы «Қазақтелеком» АҚ мысал ретінде келтіре отырып, «Бизон» компаниясы Қазақстанның компанияларымен бұрын да бірге жұмыс істегенін атап өтті.

«Мен осы республиканың және орталықтың басшылығына осы бір батыл идеяны жүзеге асыруда сәтті бастау мен табысқа жетуді тілеймін», — деп қорытындылады Герман Греф.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 3-5 шілде аралығында «Астана» ХҚО ашылу салтанаты өтті. Елорда күніне орай еліміздің дамуына ерекше серпін береді деп болжанып отырған қаржы орталығы ашылды.