
Ресейдің мемлекеттік думасы қонақ үйер мен тұрғын үйлерде хостел ашуды шектейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды slon.ru.
Аталған заң жобасына 416 депутат дауыс беріп, қарсы шыққандар болмаған. Заң жобасының авторларының сөзінше, қонақ үйлер мен тұрғын үйлерде хостелдердің болуы басқа да қала тұрғындарының құқығын бұзады.
2016 жылдың ақпан айында Мемлекеттік думаның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитетінің басшысы Елена Николаевна көп қабатты пәтерлерде орналасқан хостел иелеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және басқа да пәтер иелерінің келісімін алуды ұсынған болатын. Сондай-ақ, заң жобасы бойынша мемлекеттік тұрғын үй инспекциясына осындай мекемелерді қатаң бақылау тапсырылды.