Ресейге салынған санкциялар келесі жылы да сақталуы мүмкін

435
Ресейге салынған санкциялар келесі жылы да сақталуы мү

Ресейдің экономикалық даму министрлігінің басшысы  Алексей Улюкаев мемлекеттік Думадағы кездесуінде елге салынған санкциялар бірнеше жыл көлемінде сақталады деп мәлімдеді.

«Осы жылы сақталған санкциялық режим келесі жылы да сақталуы мүмкін. Ал бұл кезде елден 115 млрд доллардың капиталы кетеді», — деді ол.

Ведомстваның мәліметі бойынша, Ресейдің ЖІӨ 2016 жылы қалпына келуі керек, бірақ тек 2,5-3% көлемінде ғана өседі.

Инветициядағы негізгі капитал 12%-ға қысқарады. Сұраныс өсімі 6% көлеміне дейін азаяды, бірақ 2016 жылы позитивті аймаққа шығуы мүмкін.

Улюкаевтың сөзінше, 2015 жылы РФ-дағы өндіріс көлемі 1-1,5% болмақ. Оның атап өтуінше, алдағы жыл үшін айтылған болжамдар барынша қатаң шеңберде бағаланды, себебі қазіргі әлемдік мұнай бағасы барреліне 50 доллар болса, алдыңғы қатарлы қаржылық ұйымдар барреліне 60 доллардан болады деп болжап отыр.

«Егер мұнай бағасы барреліне 60 доллар болса, осы жылғы ЖІӨ осы жылы аз көлемге азаюы мүмкін, ал бюджет табысы 1,1 трлн рублге көбеймек», — деп түсіндірді ол.