Ресейлік банкир Royal Bank of Scotland-тың қазақстандық еншілесін сатып алды

Фото: © Depositphotos.com/Joeppoulssen

Ресейлік бизнесмен Игорь Ким  Royal Bank of Scotland-тың Қазақстандағы еншілес құрылымын сатып алу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Reuters.

Жеке тұлға ретінде сатып алушы  банкирдің өзі болмақ. Осы жылдың сәуір айында ол RBS ресейлік бизнесін сатып алу туралы келісімді аяқтаған.

Вanki.ru сайтының мәліметінше, Ресейдегі келісім кезінде Игорь Ким көбіне RBS клиенттеріне қызығушылық танытқан. RBS Ресейдің Сахалин облысындағы шетелдік капиталы бар жалғыз банк және мұнда ірі мұнай-газ жобалары жүзеге асырылады.

Қазақстандық  еншілесінің бизнес моделі ресейлік RBS-қа ұқсас. Кимнің сөзінше, егер Қазақстандағы реттеуші арқылы келісім жүзеге асатын болса клиенттердің ресейлік банкке ауысуы болмайды.

Игорь Ким банк нарығында өзінің белсенді қызметі бойына танымал. Ол 2011 жылы Экспобанкін (бұрынғы Барклайс-банк — бритндық Barclays-ығ ресейдегі еншілесі) сатып алған. Сондай-ақ, оған латвиялық LTB банкінің үлесі тиесілі.