Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өрмекші-адам туралы кезекті фильм қазақ тіліне дубляждалды

Өрмекші-адам туралы кезекті фильм қазақ тіліне дубляждалды

«Бір оқиға аяқталғаннан кейін, жаңасы басталады»

«Өрмекші адам. Үйге оралу» - қазақ тіліне дубляждалған 21-фильм болса, қаһарман Өрмекші адам туралы қазақ тіліндегі 3-фильм. Бұған дейін Эндрю Гарфилд орындауындағы Питер Паркер туралы екі картина дубляждалған еді: "Жаңа Өрмекші-адам" (2012) және "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" (2014).

2015 жылы Marvel және Sony Pictures кинокомпаниялары Өрмекші-адам/Питер Паркер кейіпкерін бірлесіп пайдалану туралы келісімге келген еді. Осының арқасында аталған суперқаһарман Кек алушылар туралы фильмдер сериясына енгізілді. Осылайша Sony Pictures пен MARVEL киностудиялары бірлесіп Өрмекші адам туралы алғашқы фильмді ұсынды. Онда супер қаһарман MARVEL кинематографиялық әлемінде лайықты орын алады. Фильм Питер Паркердің Кекшіл болу үшін өткен жолы туралы баяндайды. Өрмекші адамды MARVEL тәжіндегі нағыз гауһар тас, комикстер тарихындағы ең танымал персонаждарының бірі деп айтуға болады.

Қазақстанда фильм үлкен экранға Астана күніне орай орыс және қазақ тілдерінде шығады. Қазақ дубляжының режиссері мен мәтін салушысы Шах-Мұрат Ордабаев болды. Бұл Шах-Мұраттың жобадағы «Галактика сақшылары. 2 бөлім» фильмінен кейін екінші толық режиссерлық жұмысы. Бас кейіпкер суперқаһарманды қазақша сөйлеткен актер – Заңғар Әбенов. Бұл оның басты кейіпкерді дыбыстаған алғашқы жұмысы екен. Сондай-ақ дубляжға қатысқан - Асылбек Қапаев (Эдриан Тумс - Құзғын), Сая Тоқманғалиева (Өрмекші адамның костюмі), Нұркен Өтеулов (Тони Старк),  Мэй (Айнұр Бермұхамбетова) және басқа да актерлер дыбыстады. Өрмекші адамның ең жақын досы – Нэдты картинаның режиссері Шах-Мұрат Орбадаев дыбыстады. Фильмнің кейіпкері – дене бітімі ірі жас адам, ал дубляждың ережесі бойынша, оның дауысын дыбыстайтын актер де ұқсас болуы тиіс. Сондықтан, ресей режиссері Шах-Мұраттың кандидатурасын ұсынды, кейін ол рөлге де бекітілген болатын. Дубляжға барлығы 24 актер қатысты. Айта кететін жайт, Астанадағы дыбыс жазу студиясында алғашқы рет кастингте бас кейіпкерді дыбыстауға бірден 7 актер қатысты – қазақстандық актерлардың арасында жіңішке тенор дауысын – негізінен төмен дауыстың иесін табу қиын болды; Өрмекші адамды дыбыстаған әртістің тамағы дыбыс жазу уақытында жиі қарлықтырып кететін, тамағына салмақ көп түсірмеу үшін, ол күніне бірнеше сағаттан демалатын және содан кейін қайтадан жұмысын жалғастыратын.

[caption id="attachment_73152" align="aligncenter" width="640"]Өрмекші-адам туралы кезекті фильм қазақ тіліне дубляждалды Қазақ дубляжының режиссері мен мәтін салушысы - Шах-Мұрат Ордабаев Фото: Руслан Канабеков[/caption]

"Мен үшін бұл фильммен жұмыс істеу маңызды болды, өйткені атақты ресей режиссері, «Титаник», «Отчаянные домохозяйки» және басқалар сияқты картиналарымен жұмыс істеген, дубляж әлемінің аңызы – Наталья Федотовамен бірге жұмыс істеудің сәті түсті. Наталья дыбыс жазу студиясына консультант ретінде шақырылған, мен одан көп нәрсені үйрендім. Фильмде, менің ойымша, жасөспірімдердің өміріндегі маңызды сәттер – мектеп өмірі, достық, бәсекелестік, алғашқы махаббат өте сәтті сипатталған. Алғашқы рет біз жобаға жас әртістерді таңдадық. Оның алдында біз мультфильмдердің кейіпкерлері мен ересектерді дыбыстау үшін балаларды іздедік. Оңай болған жоқ, дегенмен, қолымыздан келді, 21 жастағы актерге тоқтадық. Фильммен жұмыс істеп жүрген кезде, астананың «Астана мюзикл», «Жастар» театрларының, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртістерін, сондай-ақ киноактерлерді кастингке шақырып, өзіміздің актерлік базамызды екі есе көбейттік. Осы уақытқа дейін Өрмекші адам туралы 5 кино түсірілген екен. Шамамен 1 ай уақыт кетті. Бұл үлкен өндіріс ең алдымен шетелден арнайы материал алғызамыз. Оның құжаттарын реттеу бар.  Қазақ тілі бай болғандықтан аудармада еш қиындық туған жоқ", - деді дубляж режиссері  Шах-Мұрат Ордабаев.

2011 жылдан бері осымен 21 кинокартина қазақ тіліне аударылды. Осы уақыт аралығында 150 техникалық және шығармашылық маман, оның ішінде 4 режиссер, 158 актер, 11 музыкалық жетекші, аудармашылар Disney студиясының стандартына сай жұмыс істеп  үйренді.

Ең алғашқы болып Уил Смиттің «Қара киімділер-3» фильмінің жұлдыздары, Джонни Дептің «Жалғыз рейнджері», А. Джолидің «Малефисентасы» қазақша сөйледі. Көбіне балаларға арналған әлемдік шедеврлер «Көліктер», «Батыл жүрек», «Моана», «Күлбике», «Монстрлар университеті», «Алиса», «Джунгли кітабы», «Малефисента», «Өрмекші-адам» қазақша дубляждалды. Голливуд жұлдыздары Джонни Дептің (Берік Айтжанов), Анджелина Джолидің (Гүлназ Әуесбай), Уил Смиттің (Азамат Қанапия) дауыстарын дыбыстауға 6 жылға эксклюзивті құқығы бар.

Сондай-ақ, Disney компаниясының дауыс базасында қазақстандық 100 актердің даусы сақтаулы. 2017 жылдан бері Disney студиясында дыбысталып келе жатқан қазақ тілді фильмдерде Apple TV Itunes Movies ресми қосымшасының видеохостингінде жазылған қазақ тілінде дыбыстық қосымша қойылған.

“Өрмекші адам: Қайта оралу” Жанры: Фантастика Режиссері: Джон Уоттс Рөлдерде: Том Холланд, кіші Роберт Дауни, Крис Эванс, Мартин Старр, Мариса Томей, Зендея Коулман Мемлекеті: АҚШ Жоба ұйымдастырушысы: «Marwin» компаниясы мен Алматы қаласы әкімдігінің  қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры Дубляж демеушісі: «RGDS TRADE» ЖШС

Синопсис «Өрмекші адам. Үйге оралу» Питер Паркердің Кек алушы болуы үшін қандай жолды жүріп өткені жайлы баяндайды. Жаңа фильмде Питер Паркер MARVEL кинематографиялық әлемінің басқа кейіпкерлерімен өз территориясында алғаш рет кездеседі. Кек алушылармен тарихи кездесуінен кейін Питер Паркер өзінің үйіне қайтып, Мэй апасының қамқорлығы астында қалыпты өмір сүруге тырысады. Алайда енді Питерге тағы басқа біреу қарап жүр. Тони Старк Өрмекші адамның не істей алатынын көрді және оның тәлімгері болуы тиіс. Жаңа зұлым Құзғын Питерге қымбаттың бәрін жоюға қауіп көрсеткен кезде, бәріне нағыз суперқаһарманның қандай екенін көрсету уақыты келеді. MK

Похожие материалы